ҚАЖ қызметкерлері «Тағдыр тәлкегі» спектаклін тамашалады

«Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады» – дейді атақты режиссер Робер Лепаж. Ендеше, уақыт тауып, өзімізді рухани тұрғыда байытып, көңіл көкжиегімізді кеңейту үшін киелі өнер ордасына барып тұрған дұрыс.
Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оған қарасты мекемелердің жеке құрам және еркін жалдамалы қызметкерлері облыс орталықтарындағы А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында «Тағдыр тәлкегі» спектаклін тамашалады. ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері мекеме бастығының режим және жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Нұржан Күзембаев бастап жүрді.
Сахналанған қойылымда рухани, адамгершілік және эстетикалық тәрбие жан-жақты көрсетіліп, театр өнерін сақтау әрі дамыту мәселесі асқан шеберлікпен жеткізіледі. Сеанс соңында ҚАЖ қызметкерлер театр ғимаратын аралап, тарихы терең өнер ордасымен танысты.

Comments (0)
Add Comment