Елімізде ескі көліктер үшін ақылы жолдарда жүру тарифі көтеріледі.
«Ескі көлік иелеріне 2020-2021 жылдардан бастап ақылы жолдарда тарифті көтеру жоспарланып отыр. Сол уақытқа дейін ақылы тасжолдарға қатысты ережелерді реттейтін ресми құжаттарға өзгерістер енгізіледі. Нәтижесінде Еуро-4 стандартынан төмен көлік иелеріне жүру ақысы 20-30 пайызға қымбат болады», — дейді «Қазавтожол» ҰҚ» өкілдері.
Компаниядағылардың айтуынша, еліміздегі ақылы тасжолдармен жүретін көліктердің экономикалық класы ІІМ базасы негізінде анықталады. Осылайша олар өте жоғары тариф бойынша төлем жасайды.