Қазақстан өңірлерінде баспана қымбаттады

 2019 жылы Қазақстанда баспаналардың орташа бағасы өсті. Қаңтарда 13 аймақта баға оң динамика көрсетті. Оның ішінде кейбір көрсеткіштер соңғы 2-3 жылдың аралығында рекордқа жеткен.

Индекстің айтарлықтай өсуі Шымкент қаласында байқалды, бұл қалада 1 шаршы метрдің бағасы 4,1 пайызға өскен, 212 мыңнан 220,8 мың теңгеге.

Бұл аймақта оң динамика былтырдың II жартысында тіркелген, бірақ қаңтар айындағыдай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған. Шымкент — 2018 жылы екінші жартысында Қазақстанда пәтер бағасы ең қымбат қалалардың қатарына кірді (Алматы және Астана қалаларынан кейін).

Алматыда баға индексі қаңтар айында соңғы екі жарым жылдағы көрсеткішті жаңартты: бір шаршы метр 373,5 теңгеге бағаланып тұр (+10 250 теңге), яғни желтоқсан айына қарағанда 2,8 пайызға өскен. Алдыңғы көрсеткіштермен салыстырғанда бұл жаңа бағалар айтарлықтай қымбаттау болып саналады.

Бағасы түскен жалғыз қала — Ақтау. Өңірде пәтер құны 5,2 пайызға арзандапты. Қазіргі уақытта шаршы метрі 196 мың теңге. Оған қоса Ақтау ең қымбат бес қала қатарынан шығып, алтыншы орынға түсті.

kaz.tengrinews

Comments (0)
Add Comment