Қазақстан 6 айда 12 млрд доллардан астам шетел инвестициясын тартты

Қазақстан 6 айда 12 млрд доллардан астам тікелей шетел инвестициясын тартты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.

«Қазіргі таңда Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы ел. Қазақстанның  үлесі шамамен 70 пайызды құрайды. Биыл 9 айда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 21,6 пайызға артып, 7,5 трлн теңгені құрады. Тау-кен өнеркәсібінде 41,4, құрылыста 37,1 және өңдеу өнеркәсібінде 26,4 пайызға өсім байқалады», — деді министр.

Оның дерегінше, республикалық деңгейде инвестициялардың басым бөлігі Атырау, Астана, Алматы қалаларына тиесілі. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі жеке қорлардың үлесі 2018 жылдың 9 айында 73,1 пайызды құраған, ол 5,5 трлн теңге.

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 15,4 пайызға ұлғайып, 12,3 млрд долларды құрады. Атап айтқанда, өсім мына салаларда байқалды: тау-кен өнеркәсібі — 6,7 млрд доллар, сауда — 2,0 млрд теңге және көлік, қаржылық және сақтандыру қызметі, ақпарат және байланыс салалары», — деді Жеңіс Қасымбек.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment