Қауіпсіздік және сенім

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында, халық арасында бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы жан-жақты насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2025 жылдың 10 айының қорытындысымен «Тіркелген қылмыстар туралы» есебінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық қудалау органдарымен былтырғы жылмен салыстырғанда есепке алынған қылмыстар 9,4%-ға өскен (3744-тен 4096-ға дейін).
Қазіргі кезде өсіп тұрған қылмыстық құқық бұзушылықтың түрі – алаяқтықтық. Оның деңгейі 63,9%-ға (711-ден 1165-ке) көбейген.
Оның ішінде, интернет — алаяқтықтың өсуі байқалады, ол бүгінде қылмыстың ең көп таралған түріне айналды.
Ағымдағы жылдың 10 айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мәліметі бойынша, интернет-алаяқтыққа қатысты сотқа дейінгі тергеп — тексерулердің бірыңғай тізіліміне 695 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.
2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 199,6%-ды құрады.
Қылмыстың ең көп саны Таразда (510), Қордай (41), Байзақ (30), Т.Рысқұлов (26), Жамбыл (20), Шу (19) аудандарында тіркелді.
Интернет – алаяқтықтың ең көп таралған түрлерінің бірі — интернетте қызмет көрсету туралы жарияланған жарнамалар арқылы алдын ала төлем алып, кейін тауарларды немесе қызметті орындамай, азаматтарды алдау. Мұндай фактілер 200-ден аса орын алған.
Екінші орында интернет – алаяқтықтың таралуы ол қоңырау шалу, яғни банктен сіздің ақшаңызды қорғау қажеттілігі туралы хабарлама қоңырауы, сондай-ақ оны қауіпсіз шотқа аудару бойынша.
Ағымдағы жылдың 10 айында осылайша алданып қалған облыстың 100-ден астам тұрғындары полицияға хабарласқан.
Одан кейін онлайн-сатып алу арқылы алаяқтық: мұндай түрдегі қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелген саны 225%-ға өсті.
Сондай-ақ, 2024 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жанынан алаяқтыққа қарсы «Антифрод-орталығы» құрылғанын атап өткен жөн.
Орталықтың жұмысы күдікті банк операциялары мен шоттарды дереу бұғаттау болып табылады.
Сонымен бірге айта кететін жайт, интернет-алаяқтыққа ықпал ететін негізгі тәуекелдер халықтың цифрлық сауаттылығының төмендігі, жеке деректерді қорғаудың жеткіліксіз деңгейі және т.б.
Алаяқтықтан қорғалуы бойынша ұсыныстар:
— онлайн сатып алу кезінде сақ болыңыз. Сатушының сенімділігін тексеріңіз және күмәнді сайттарда алдын ала төлемдерді жасамаңыз.

— Хабарламалардағы немесе электрондық хаттардағы күдікті сілтемелерді баспаңыз, әсіресе олар жеке деректерді енгізуді қажет етсе.
— қоңырауларға сенбеңіз, SMS кодтарын және басқа құпия ақпаратты ешкімге айтпаңыз, тіпті әңгімелесушіні банк немесе мемлекеттік қызметкері деп таныстырса да.
— күрделі құпия сөздерді пайдаланыңыз және оларды үнемі жаңартып отырыңыз және құрылғыларда қауіпсіздік жаңартуларын орнатыңыз.
— күдікті сілтемелерді баспаңыз немесе жеке ақпаратты енгізу қажет жарыстарға қатыспаңыздар.
Ақпаратты арттыру және сақтық шараларын сақтау алаяқтардың құрбаны болу қаупін азайтуға көмектеседі.

ҚР БП Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Жамбыл облысы бойынша
департаменттің қылмыстық саладағы
құқықтық ақпаратты қалыптастыру
бөлімінің аға прокуроры Н.Х.Абдушапиева

 

Comments (0)
Add Comment