Жамбыл облысы әкімі А.Мырзахметовтың бастамашы болуымен аймақта облыс әкімінің орынбасарларының, аудан, қала және ауылдық округ әкімдерінің жұмыс тиімділігін арттыру алгоритмі бекітілген болатын. Онда аудан мен ауылдық округ әкімдерінің жұмыс істеу жүйесі нақты көрсетілген. Оған сәйкес ауыл әкімдеріне артылған жауапкершілігі артып отыр. Олар елді мекен аумағындағы жерлердің тиімді пайдалануы, әлеуметтік мәселелердің нақты шешілуі, шаруа қожалықтарының жай-күйіне жіті қанық болуы секілді көптеген міндеттерге жауап береді.
Осыған орай, Меркі ауданы Тәтті ауылдық округі, Тәтті ауылдық клубында жергілікті қоғамдастық мүшелерінің, ауыл тұрғындарының қатысуымен ауыл әкімдерінің жұмыс алгоритміне сәйкес жиын өткізілді.
Өткен жиында қарапайым заттар экономикасы, ауылдық жерлердегі шағын жобаларды дамыту мәселелері қаралды. Осыған сәйкес, Тәтті ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман қаржы агенті баяндама жасап, Елбасы-Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың 5 қазанындағы халыққа Жолдауында «қарапайым заттар экономикасын» қалыптастыру бойынша тапсырма беріп, халқымыздың азық-түлігін, киімі мен басқа да күнделікті тұтынатын заттарын өз елімізде өндіру керектігін және сол арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтып, оның тұрмысын жақсартудың мол мүмкіндігі екендігін алға қойды.
Сонымен қатар жиында денсаулық сақтау саласы бойынша Тәтті ауылдық округі бойынша бас дәрігер Қайсар Қизатұлы сөз алып, диспансерлік есепте тұрған азаматтардың жай күйі туралы айтты. Жиын барысында басқа да мәселелер қаралып өз шешімін тапты.