«Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп аталсын!» – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын! Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген Жарлықта.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Қапшағайға Дінмұхамед есімін беруді ұсынған.

Comments (0)
Add Comment