Генерал-майор Т. Әміреевтің қатысуымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде оқу-жаттығу жиыны өтті. Облыстық ҚАЖ және Полиция департаменті сондай-ақ 5513 әскери бөлімінің қызметкерлері қатынасқан шынайы ұрыс жағдайында өткен жаттығудың басты мақсаты – қауіп-қатердің алдын алуға деген дайындықты пысықтау.

Аталған оқу-жаттығуға ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командирі генерал-майор Талапкер Әміреев Қыдырұлы, облыс прокурорының орынбасары әділет кеңесшісі Әділ Кәрім арнайы қатысып, жоғары бағалады. Айта кетейік, құқық қорғау органдары мұндай шаралар арқылы болашақта жаңа технологияларды игеріп, өз біліктіліктерін одан әрі дамыту мақсат етіп отыр.

Comments (0)
Add Comment