«Ержүрек майдангер әнші»

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұжымы Тараз политехникалық колледжімен бірлесе отырып ән әлемінің жарық жұлдызы, сопрано үнді ән падишасы, қазақ эстрадасының алғашқы қарлығаштарының бірі, Қазақстанның және бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының халық әртісі, Халық қаһарманы, әсем даусымен жарты әлемді тамсандырған қазақтың бұлбұл қызы Роза Тәжібайқызы Бағланованың шығармашылығына арналған «Ержүрек майдангер әнші» тағзым кеші өтті.
Іс-шарада кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға Роза Бағланова туралы кітаптар таныстырылып, көптеген мәліметтер беріліп, ерекше дарын иесінің құрметіне әндер шырқалды.
Жас ұрпаққа өзі де өнері де — өнеге боп қалатын Роза Бағланованың есімі мәңгі өшпес тарих.
Comments (0)
Add Comment