Ербол Назарбаев қызметінен кетті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бұйрығымен Е.Назарбаев агенттіктің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлады turkystan.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде полицейлер көлігі қараңғыланған (тонировка – еск.) көлікті тоқтатқан видео тараған еді. Автокөлік иесі Антикор қызметкері екені айтылған болатын.

Агенттік мәліметінше, Ербол Назарбаев 26 қаңтарда агенттік төрағасының бұйрығымен қызметінен босатылған.

Биыл 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды.

 

Comments (0)
Add Comment