Еліміздің сыртқы қарызы 2,2 млрд долларға азайған

Биылғы жылдың екінші тоқсанындағы өзгерістер туралы Қазақстанның Ұлттық банкі хабарлады.

Олардың мәліметінше, жағдайдың оңтайлы өзгеруіне Қытайдың үлестес компаниялары және қаржылық ұйымдар синдикаттарынан алынған қарыздың өтелуі септігін тигізген. Сонымен қатар Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарына шетел инвесторларының сұранысы да азайған. Жалпы 2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы – 164,4 миллиард доллар. Борыштың 63 пайызын фирмааралық берешек, 26 пайызын кредиторларға қатыссыз «басқа секторлардың» сыртқы қарызы, ал 7,2 пайызын мемлекеттік қарыз құрайды. Сондай-ақ шамамен 4 пайызы екінші деңгейлі банктер мен «Қазақстанның Даму банкінің» міндеттемелері болып табылады.

24.kz

Comments (0)
Add Comment