Қала күні қарсаңында Таразда «Желтоқсан толқыны» аллеясы пайдалануға беріледі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланды, — деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі.
Аталған аллеяның ең басты жаңалығы – жалпы ұзындығы 220 метр субұрқақ болмақ. Жоба құны 240 миллион теңгені құрайтын демалыс орнындағы ІТ орындықтардан ұялы телефоныңызды қуаттап алуға болады. Сондай-ақ аллеяда 120 павловния ағашы мен бүркіт, пырақ, барыс сынды аң-құстардың мүсіндері қойылады.