Ағымдағы жылдың қыркүйегінде ауыл шаруашылығы өнімдері 1,2 пайызға қымбаттады.
«Ағымдағы жылғы қыркүйекте 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 1,2, өсімдік шаруашылығы өнімі — 2,2 пайызға қымбаттады, ал мал шаруашылығы өнімі 0,7 пайызға арзандады», — делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігі таратқан мәліметте.
Ведомство ақпаратына сәйкес, қаңтар-қыркүйекте баға бидайға 4,4, сұлыға — 4,3, қара бидайға — 3,9, жүгеріге 3,4, күрішке — 2,9, арпаға — 0,8 пайызға өсіп, қарақұмыққа 9,3 пайызға төмендеді. Қырыққабат 1,8, асханалық қызылша — 0,5 пайызға қымбаттады, ал картоп 8,3, басты пияз — 5,4, асханалық сәбіз — 5, ашық топырақтың қызанақтары — 4,9, ашық топырақтың қиярлары — 2,4 пайызға арзандады. Баға бақша дақылдарына 6,3, жүзімге — 5,8, күнбағыс тұқымына — 2,2 пайызға өсті, ал жеміс және жидектерге 9 пайызға арзандады. Ірі қара мал еті 3,4, жылқы еті — 2,7, қой және шошқа еті — 1,7 пайызға қымбаттады, ал құс еті 9,5 пайыза арзандады. Баға жұмыртқаға 12,3 пайызға төмендеді, ал шикі сүтке 1,2, балға — 0,5 пайызға өсті.