Елбасы АХҚО басқарушысы Қ.Келімбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовпен кездесу өткізді.

Жиында Елбасыға ауқымды құрылымның қызметі жөнінде баяндама жасалды. Қайрат Келімбетов президент сапарларында жасалған келісімдер нәтижелі жүзеге асып жатқанын айтты.

Қайрат Келімбетов, Астана ХҚО басқарушысы:

— 5 шілдеден бері сіздің АҚШ және Қытайға жасаған мемлекеттік сапарыңыз кезінде қол жеткізілген келісімдерге сай жұмыс жүргізіп келеміз. Жақында ғана біз Нью-Йоркте делегация өкілдерімен бірге Трамп әкімшлігімен кездесуінде көтерген мәселелерді талқыладық.

Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов жиында қаржы орталығының халықаралық деңгейдегі қызметі жайында әңгімелеп, өзге нарықтармен әріптестік турасында баяндады.

24.kz 

Comments (0)
Add Comment