Еден жуушы қоқыстан 5,4 мың доллар тауып алды

Минскіде гараж кооперативінде еден жуушы әйел қоқыстан 5,4 мың доллар тауып алды. Бұл туралы БЕЛТА Мәскеу аудандық ішкі істер басқармасының ресми өкілі Ольга Михаленяға сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел «Малиновка» гараж кооперативінде еден жуып жүріп, қоқыстан ақша тауып алған.

«Әйел алдымен гараж иелерінен ақша жоғалтқан жоқсыздар ма деп сұраған. Иесі табылмаған соң, оны милицияға әкеп тапсырған», — дейді Ольга Михаленя. Қазір тәртіп сақшылары ақшаның иесін іздеп жатыр.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment