Жеңіс саябағында Чернобыль атом электр станциясындағы апатты залалсыздандыруға қатысушыларға арналған ескерткіш ашылды.
Биыл Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың орын алғанына 32 жыл толып отыр. Дүние жүзіндегі атом энергетикасы тарихындағы ең ірі жарылыстың зардабын жоюға 800 мыңдай адам қатысса, оның 32 мыңы қазақстандық еді.
Чернобыль атом электр станциясындағы апатты залалсыздандыруға қатысушыларға арналған ескерткішті ашуға Қазақстан Республикасы Чернобль ардагерлері және мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі филиалының төрағасы Бақытжан Әшірбаев және Жамбыл облыстық Чернобль одағы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Владимир Хорошин шақырылды.