BMW Оңтүстік Кореядан 66 мың автомобилін кері қайтармақ

Германияның BMW маркалы көлік шығарушысы Оңтүстік Кореядағы 66 мың көлігін пайдаланылған газ жүйесінің ақауы салдарынан кері қайтаруда. Бұл туралы сейсенбіде оңтүстіккореялық көлік министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасаған Yonhap агенттігі хабарлады.

«Германияның көлік шығарушысы (BMW) 26 қарашада 52 модельдегі 65 763 көлігін кері шақыруға кіріседі», — деп атап өтілген мәлімдемеде.

Yonhap агенттігінің атап өтуінше, арасында бірінші сериялы BMW, сондай-ақ Mini Cooper маркалы көліктер болған автомобиль модельдерінен пайдаланылған газ жүйесінің ақауы анықталғанын атап өтті. Бұл биылғы жылы бесінші сериялы BMW көліктері қозғалтқыштарының жанып кетуінің басты себебі болған.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment