Білім беру ісіне бей-жай қарамайды

Меркі ауданында білім беру ісінің ахуалы әрдайым назарда. Өйкені, меркіліктер ел ертеңі – бүгінгі жас буынға сапалы білім берудің маңызын жете түсінеді.

2019 — 2020 оқу жылында ауданда 83 білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Оның ішінде 26 жалпы білім беретін мектеп, 3 мектеп-гимназия (№17,№5,№39), 1 мектеп-лицей (№9), 1 кешкі оқыту мектебі, 6 бастауыш мектеп, 27 бөбекжай-бақшасы (мемлекеттік – 16, жекеменшік -11),           11 мектеп жанындағы шағын орталық, 8 мектептен тыс мекемелер (№1 және №2 саз мектептері, балалар және жасөспірімдер «Үміт» сарайы, «Өркен» шығармашылық орталығы, «Мәңгілік ел» оқу-тәрбие орталығы, «Аула» клубы,  психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, «Жұлдыз» сауықтыру лагері).

Қазіргі таңда аудан мектептерінде 16907 оқушы білім алуда, бұл өткен жылмен салыстырғанда оқушы саны 353 оқушыға артып отырғандығын көрсетуде (2018-2019 оқу жылында 16372 оқушы). Мектептердің 25-і қазақ тілінде, 12-і қазақ және орыс тілдерінде жұмысын жасауда. Жалпы жаңа оқу жылында 1-ші сыныпқа қабылданған бала саны 1974, мектеп алды даярлық сыныптарына қабылданған бала саны 1464-ті құрап отыр.

Есепті кезеңде  спорт нысандарының саны 215. Оның ішінде 1 стадион, 36 спорттық залы, 13 арнайы орнатылған спортзалдар, 12 атқыш тирі, 38 футбол алаңы, 115 спорттық алаңшалар (29 кіші футбол алаңшасы, 39 волейбол, 37 баскетбол, 10 стритворкаут) бар.

Comments (0)
Add Comment