Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жандәулет Кенжебеков шағын және орта бизнеске жасалып жатқан мемлекеттік қолдаулар мен «Береке» бағдарламасының басым бағыттарын баяндады.
Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінде айтылған «Шағын несие беруді көбейту» жобасы бойынша республикалық бюджеттен қосымша 463,7 миллион теңге қарастырылған екен. Ал, жергілікті бюджеттен осы бағдарлама аясында несиелендіруге 533,4 миллион теңге бөлініпті.
Ал, «Береке» бағдарламасы аясында 129 кәсіпкерге жеңілдетілген несие берілген екен. Брифинг соңында басқарма басшысының орынбасары журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Елдар Боранбек