ҚР ІІМ-нің бастамасымен елімізде 7-13 ақпан аралығында «Профилактикалық бақылау» атты құқық бұзушылыққа қарсы республикалық іс-шара өтуде. Шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу.
Бұл шараға пробация қызметінің қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары және ішкі істер органдарының басқа да құзырлы қызмет салалары жұмылдырылған. Шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандарды мекен-жайлары бойынша тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінгі таңда Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің есебінде тұрған 102 сотталған азамат тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексерілді. Іс-шара барысында заңды бұзған 4 азаматқа ескерту беріліп, 1 азаматтың құжаттары қалалық №2 сотқа жолданды.
Шолпан Акзымалиева,
Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің аға инспекторы