1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мейрам барлық елде 1950 жылдан бері тойланып келеді. Мақсаты – балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасауды тағы бір еске салу. Осылайша болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
Бұл күні жер-жерде балаларға арналған мәдени шаралар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйланады. Балдырғандар мейрамы қарсаңында өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде түрлі шаралар өткізуде. Мәселен, бүгін ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері Тараз қаласында тұратын көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыға азық-түлік жеткізіп берді.
Жүздесу барысында ЖД-158/2 мекемесі бастығының орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов пен мекеменің аға инспектор-психологы, әділет капитаны Гүлжан Ибраимова балаларды мерекелерімен құттықтап, оларға сыйлықтармен тәттілерді сыйға ұсынды. Өз кезегінде көпбалалы ана мереке қарсаңында. бүлдіршіндерге қуанышты көңіл-күй сыйлаған ҚАЖ қызметкерлеріне алғысын жеткізді.