Қазақстанда болашақта электр энергиясы тапшылығы туындауы ықтимал. Сондықтан еліміз үшін, халықты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін атом энергиясын дамыту және атом станциясын салу қажет деп санаймын. Дүниежүзінде электр энергиясын пайдалану динамикасы жылдан жылға өсіп тұр. Дамыған елдер модельдік реакторлар құрылысына инвестиция салу арқылы атом энергиясын қолдап отыр. Барлық аудан жұртшылығын 6 қазан күні өтетін Референдумға келіп, өз таңдауларын жасауға шақырамын.
Шарбану Әміреева,
Қазақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы.
Т.Рысқұлов ауданы