«АЭС салынса, электр энергиясының бағасы арзандайды» — қоғам қайраткері

Қоғам қайраткері Батырбек Құлекеев  АЭС салу еліміз үшін өндірістік-индустриялдық дамуға жол ашатын мол мүмкіндік деп санайды. Батырбек Әбдірасілұлы АЭС Қазақстан халқын энергетикалық тәуелділіктен құтқаратынын,  атом электр станциясы салынған жағдайда елімізде электр энергиясының бағасы арзандайтынын баса айтты.

«Егер халық қолдап, атом электр станциясы салынатын жағдайда ол бізге не береді?! Шынында, бүгінгі таңда біреу білсе, бірі білмес Қазақстан осындай алып жері болғанымен біз электр энергиясының тек 70 пайызын ғана өзіміз өндіреміз. Ал қалған 30 пайызын Ресейден сатып алып отырмыз. Ел неге баға қымбат дейді? Себебі, сырттағы импорттан сатып алғаннан кейін оның бағасын біздің сатушылар өздері қояды. Сол себепті, бізге міндетті түрде қосымша электр қуаты керек», – деді Батырбек Құлекеев.

Comments (0)
Add Comment