«Әйел бейнесі – қоғам»

Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының қолдауымен «Әйел бейнесі – қоғам» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Шарада қоғамдағы әйелдің алатын орны, қазіргі қазақ әйелінің бейнесі, оның отбасы мен әлеуметтік саладағы, саясат пен бизнестегі рөлі туралы ойлар ортаға салынды.
Жиынға келген қонақтар – №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры Қарлығаш Бибазарова, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, “Шебер шаңырақ” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Әдемі» қыз жасауы тігін цехының негізін қалаушы Анар Бексұлтанова, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы төрағасының кеңесшісі Рахия Тұрмаханбетова, кітапхана ардагері Шайзада Ералиева қатысып, қоғамдағы әйелдің рөлін дәріптеу, ананың мейірімін, қазақ қызының сұлулығы мен парасатын паш ету, қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесін таныту, жастарды ізгілік пен сыйластыққа баулу, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағыттау мақсатында білімгерлермен әңгіме өрбітті.

 

Comments (0)
Add Comment