Ауызсумен қамту – басты назарда

Меркі ауданы географиялық тұрғыда тиімді орналасқан ауданның бірі. Оның күре жолдың бойында орналасуы мен табиғатының жайлылығы ауданда ауыл шаруашылығын да, өзге кәсіп түрлерін де дамытуға септігін тигізуде. Сәйкесінше, аудан тұрғындарының тұрмыс сапасы жақсарып, елдімекендерге де әр кіріп келеді.

Жалпы, ауданда 44 елді мекен бар. Оның 30 орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 68,2 пайыз. Бұл бағытта да тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ауданда 6 алқапқа инженерлік инфрақұрылым электр жүйесі мен қиыршықтас жол жүргізу үшін 11 ЖСҚ әзірленіп,  сараптама қорытындылары алынған.  10 жобасына бюджеттік өтінім тапсырылып, Интернационалный аулындағы 7 гектар алқапқа электр жүйесінің құрылысына Жамбыл облыстық маслихатының 2019 жылғы 19 наурыздағы №32-5 шешімімен құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен осы жылға 26,8 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі күнге мердігер мекеме анықталған. Құрылыс жұмыстары 3 қазанда басталып кетті. Сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылысына арналған алқаптарға инфрақұрылым тарту үшін 13 алқапқа 24 ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 71,3 миллион теңге  бөлініп, өз жұмыстар басталып кетті.

Аудандағы 44 елді мекеннің 38 ауылы газбен қамтылған. Қалған 6 елді мекен газбен қамтылмаған, 2 елді мекенге газбен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінген және мемлекеттік сатып алу рәсімі бойынша жеңімпаз «ЖамбылАгроГазПроект» ЖШС.

Comments (0)
Add Comment