«Ауыл — ел бесігі» арнайы жобасы: Ауылдарда жас бизнесмендердің саны артпақ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Ауыл — ел бесігі» атты жаңа арнайы жобасы аясында бірнеше негізгі индикаторды бөлді. Бұл туралы аталған бағдарламаны іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев хабарлады.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, Ауылшаруашылық министрлігі «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ауыл — ел бесігі» атты жаңа арнайы жобаны қарауыңызға ұсынып отыр.

«Елбасы қолдауының арқасында ағымдағы жылдың шілде айында 2017-2021 жылдары агроөнеркәсіп кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жандандырылған. Өзіміз көріп отырғанымыздай, АӨК-ті дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы бизнес процестер тұрғысынан ауыл еңбеккерлерінің басым бөлігін қамтып отыр. Бірақ ауылшаруашылық өндірісінің басқа салалардан айырмашылығы мен оның ерекшелігі ауыл шаруашылығының тек өндіріс саласы ғана емес, ел тұрғындарының үлкен массасының өмір саласы болғанында», — деп баяндады АШМ вице-министрі.

Осыған байланысты ведомствода «Ауыл — ел бесігі» арнайы жобасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясындағы жобалармен жанасу қажеттілігі атап өтілді.  Айта кеетйік, бүгін Астанада Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment