«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы бастау алды

Биыл киелі Әулиеата өңірі үшін кітап оқу жылы болып жарияланды. Игі бастамаға орай, «Көне-Тараз» тарихи этно-мәдени кешенінде облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасының ашылу салтанаты өтті.
Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйытқы болған рухани кешке зиялы қауым өкілдері, әдебиетсүйер қауым, сондай-ақ өңірдегі этномәдени бірлестік жетекшілері де қатысты.
Өңір тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру, келешек ұрпақты дәстүрлі түрде кітап оқуға шақырған жобаның ресми жиынында аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы «Бүгінгі жаһандану заманында ұлттық құндылықтарымыз бен бірегейлігімізді сақтау – аса маңызды.
Жастарды кітап оқуға баулып, рухани тәрбиені ұлттық негізде дамыту – біздің басты мақсатымыз. Кітап – адамның ой-өрісін кеңейтіп, рухани байытатын ең құнды құрал, оны ешбір ақпарат көзі алмастыра алмайды», – деп атап өтті.
Кеште бірқатар азаматтар мазмұнды бастаманы қолдап, орамды ойларын ортаға салды.
Айта кетейік, өз кезегінде қалалық Өзбек этномәдени бірлестігінің басшысы Абдурахман Зайнутдинов кітап жылы аймақтағы әдебиет әлеміне айрықша серпін беретіндігін жеткізді.
Іс-шара барысында жергілікті қаламгерлердің жаңа туындыларының тұсауы кесілді.
Comments (0)
Add Comment