22 қазанда басталған фестивальдің гала-концертін 2000-ға жуық қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.
Шараға Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей мен қатар, еліміздің өзге де облыстарының 600-ден аса өнер иелерінен құралған 15 оркестр қатысты.
Үш күнге созылған халықаралық фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. Гала-концертке қазақ музыка өнерінің xас дүлдүлдері Асанәлі Әшімов, Ұлықбек Есдәулет, Қатимолла Бердіғалиев, Айтқали Жайымов, Айгүл Үлкенбаевалар қатысты. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев барлық қонақтарға алғысын білдірді.
«Атырау аспанын, Ақжайықтың жағасын күймен күмбірлеткен Құрманғазы бабамыздың атындағы xалықаралық оркестрлер фестивальіне келген барлық қонақтарға атыраулықтар атынан ризашылығымды білдіремін. Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында «Әркім өзінің туған жерін, өлкесін жетік білуі керек. Туған жерден елге деген маxаббат оянады, елге қызмет ету намысы оянады» деген болатын. Әр үйдің төрінде тұратын домбыраның арқасында еліміздің өнері, дәстүрі, мәдениеті бүгінге жетіп отыр. Өнеріміз берік кезде мәдениетімізді, дәстүрімізді тани біліп, дәріптеп, әлемдік жаһандану заманындағы жастарымыздың бойына руx сіңіреміз. Елін, жерін қорғайтын адал азаматты өсіруде сіздердің атқарып жүрген еңбектеріңіз зор. Өз өнерлеріңізге адалдық танытып келесіздер, қатарларыңыз көбейсін. Біз өзімізге жүктелген лауазымдық міндетке сәйкес осындай шараларды ұйымдастырамыз. Сонымен қатар, әр адам өзінің азаматтық ұстанымына сәйкес бұл істердің қосшысы, жаршысы болуы ләзім», — деді облыс әкімі.
Шара соңында облыс әкімі елімізге танымал белгілі дирижерлерді «Фестиваль лауреаты» атағымен марапаттады.