Атырау облысында қызылша ауруына шалдыққандар саны 62 адамға жетті

«Қазіргі кезде аймақта қызылша ауруының белгілері байқалған 62 адам анықталды. Соның ішінде 32 адамнан алынған талдау қорытындылары қызылша дерті барын растады. Ауруға шалдыққандардың 47 пайызы — бір жасқа дейінгі балалар», — деп хабарлады Атырау облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен.

Еске сала кетейік, бір апта бұрын облыста қызылша ауруына шалдыққан адамдарың саны 41-ге жеткен. Науқастанғандардың саны апта бойы өскен: 8 қаңтарда олар небәрі 11 болатын. Бұл ретте, соңғы екі жылдың ішінде адамдардың қызылша ауруына шалдыққан бірде-бір жағдайы тіркелмеген. 2016 жылы үш жағдай тіркелді, ал 2015 жылы бұл ауруға 91 адам шалдыққан.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment