Атқарылған жұмысқа оң бағасын берді

Ақсүйек ауылында өткен ауыл, аудан әкімдерінің есебіне халық көп жиналды. Мұнда алдымен ауыл әкімі Ерболат Нұрланов 2019 жылы әкімдік тарапынан атқарылған істерді қамтыған баяндама жасады.

Содан соң аудан әкімі Мәден Мұсаев өткен жылы ауданда атқарылған ауқымды істерге тоқталып, 2020 жылға жоспарланған жұмыстарды айтып өтті. Жиынға қатысушылар өздерін мазалап жүрген түрлі сұрақтарын қойып, оған нақты жауап алды.

Мәселен, ауыл тұрғындары Л.Мамонтова, Ә.Дүйсебаева, Л.Вологжанина, А.Жағанов жер шалғайлығын ескеріп, Шығанақ ауылынан аурухана ашылса, ауылдық мәдениет үйі қалпына келтірілсе, «Сказка» балабақшасының шатыры жаңаланып, даярлық тобы ашылса, мектеп ғимаратына пластик терезелер салынса деген ұсыныстарын айтып, ауыл, аудан әкімдерінің жыл аралығында атқарған жұмыстарына оң бағаларын берді.

Comments (0)
Add Comment