Асар дәстүрі биыл да жалғасады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындары алдында беріп жатқан есебінде осылай деп мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының президенті әр қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруды тапсырған болатын. Бұл бірінші кезекте тұрғын үйге тікелей байланысты. Біз, жамбылдықтар алғашқылардың бірі болып былтыр халқымыздың асар дәстүрін қайта жаңғыртып, 98 үй салып бердік. Бұл игі дәстүрді биыл да жалғастырамыз. Асардың қандай пайдасы барын бәріңіз жақсы білесіздер» – деді аймақ басшысы.

Comments (0)
Add Comment