Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басармасының ұйымдастыруымер өткен БАҚ қызметкерлері арасында республикалық турнир өз мәресіне жетті. Ойын қорытындысы бойынша «Апорт» арландары жеңіске жетті.
Аламан доп бәйгесінде екінші орынды иеленген «Тараз-Пресс» тарландары болды. Үшінші орынды «Ернияз» ерлері қанжығасына байлады.
Сондай-ақ, төмендегідей номинациялармен үздік ойыншылар марапатталды.
«Үздік қорғаушы» Еркеғали Балажан, Түркістан облысы;
«Үздік ойыншы» Нұрсұлтан Құрман, «Хабар» Астана;
«Үздік қақпашы» Ілияс Сайлаубайұлы, «Тұран» Алматы облысы;
«Үздік шабуылшы» Әділбек Жақанов, «Ақмешіт» Қызылорда облысы;
Барлық жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.