Алматыда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы ішкі істер министрлігі әріптестігінің төртінші отырысы өтіп жатыр, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Әріптестік талқылауға ҚР мен РФ ІІМ министрлері Қалмұханбет Қасымов пен Владимир Колокольцев, екі елдің ішкі істер министрлігіндегі орталық аппарат қызметкерлері мен әріптестік мүшелері, ТМД Ұйымдасқан күресті үйлестіру бюросының директоры (БКБОП СНГ), сондай-ақ Алматы, Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облысы ІІД басшылары қатысты.
«Біздің шекаралар арқылы еркін тауар алмасу мүмкіндігі пайда болған соң ұйымдасқан қылмыс күшейіп кетті»,-деп Қалмұханбет Қасымов жиынды бастап берді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей ішкі істер органдарының екіжақты әріптестік мәселелері қаралды. Атап айтқанда, транспорттық құралдарды иемдену қылмысына қарсы тұру, сондай-ақ қылмысты зерттеу кезінде жедел-криминалистік және эксперттік-криминалистік бөлімдердің бірлесіп қызмет етуі сөз болды.
Отырыс соңында қаралған сұрақтар бойынша бірлескен шешімге қол қою, келесі отырыстың жұмыс жоспарын бекіту жаспарланған.