Төтенше жағдай Майлин мен Хмельницкий көшелерінің қиылысында болған.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысына тіркелген «Дэу Нексиа» көлігі түскі сағат 12:50-лер шамасында өздігінен тұтана бастаған.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 6 минутта сөндірді.
Қызыл жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттен ешкім жапа шеккен жоқ.
Осыған дейін Алматыда дәмхана өртеніп, оның салдарынан сол маңдағы көліктер мен ғимараттар зақымданғандығын хабарлаған болатынбыз.