Әрбір мемлекеттің басты байлығы – оның азаматтары болса, әрбір адам баласы үшін байлық та, бақыт та – денсаулық. Бұл тұрғыдан келгенде адам жанының арашашысы, басы ауырып, балтыры сыздаған жанның алғаш жүгінетіні медицина қызметкерлерінің кез-келген қоғамда алар орны ерекше. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Мұны жуырда ақ халатты абзал жанның атына келіп түскен алғыс тағы бір дәлелдеп отыр.
Жақында ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесі мекеме медицина бөлімінің бастығы, әділет майоры Гүлшат Медетбековаға ақжарма ақ тілегін мекемеде жазасын өткеп жатқан азаматтың әпкесі Зарина Аглиулина жолдады. Өз сөзінде тілек білдіруші азаматша Гүлшат Жолынбекқызына өз інісі Назир Аглиулиннің ұршық буынына ота жасап, оның аяғына қайта тұруына көмектескені үшін рақмет айтқан.