Абақтыға тыйым салынған зат кіргізбек болған әйел ұсталды

Оқиға бүгін Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қатаң тәртіптегі ЖД-158/4 мекемесінде орын алған. Мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған затты кіргізбек болған азаматшаның қитұрқы әрекетін режим бөлімі тексеру тобының бақылаушысы әділет сержанты Бағлан Тілеу, тексеру бөлмесінің жедел уәкілі әділет капитаны Назгүл Жампозова және 5513 әскери бөлімінің бақылаушысы сержант Ақнұр Джалишева әшкереледі.

Мамандар түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан ұлымен ұзақ мерзімді кездесуге келген азаматшаның косметикалық бұйымдарын тексеру барысында «Beeline» байланыс операторына тиесілі 1 дана sim-картаны тауып, тәркіледі. Қазіргі таңда бауыр еті баласы үшін заңбұзушылыққа барған 53 жастағы азаматшаның үстінен ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 481 бабы бойынша тиісті құжаттар толтырылып, іс сотқа жолданды.

Әділет Джарыкбасов,

ЖД-158/4 мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет майоры

Comments (0)
Add Comment