Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ертең сағат 15:00-де партизан жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш өтеді.
Шараға Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, суретші, қаламгер, журналист, Қасым Қайсеновтың xатшысы болған Еркін Нұразхан, сондай-ақ, Әулиеата өңірінің ақын-жазушылары, зиялы қауым өкілдері қатысады.
Бұл кеште Қасым Қайсеновтың шығармашылығы, даңқты тұлғаның майдан шебі мен бейбіт өмірге қосқан ерен еңбегі туралы айтылады.