2030 жылға қарай қатты тұрмыстық қалдықтардың 30% өңделетін болады

Елімізде көмір, АИ-92 маркалы бензин және дизель отынының бағасы едәуір қымбаттаған.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Руслан Дәленов мәлімдеді. Бензин бағасы 6 пайызға, дизель 38 пайызға өсіп кеткен. Жалпы жыл басынан бері инфляция деңгейі 3,3 пайызға өсіп, 5-7 пайыз деңгейінде сақталып отыр.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:

– Инфляция жыл басынан бастап орташа республикалық деңгейден бірқатар өңір асып түсті. Бұл – Маңғыстау, Атырау, Павлодар облысы, сондай-ақ Астана, Шымкент және Алматы қалалары.

Сондай-ақ Үкімет отырысында қатты тұрмыс қалдықтарды өңдеу және оны кәдеге жарату мәселесі де талқыланды. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, қатты қалдықтың 2030 жылға қарай 30 пайызы, ал 2050 жылға қарай 50 пайызын өңдеу көзделіп отыр. Сала басшысы жергілікті жерлердегі әкімшіліктердің жұмысын жандандыру арқылы бұл бағыттағы түйткілді мәселерді шешуге болады деп есептейді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

– Тиісті инвесторларды тартып, оларға жағдай жасап, көмек көрсету керек. Біздің тарапымыздан қандай көмек керек болса, біз көрсетіп жатырмыз. Келесі жылы жаңа экологиялық кодексінің жаңа редакциясы шығады. Тиісті жеңілдіктер керек болса, біз оны қарастыратын боламыз.

24.kz

Comments (0)
Add Comment