Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов биыл бюджеттен тартылған инвестиция 19,8%-ға артып, жеке сектордың үлесі 20,0%-ға көбейгенін баса айтты.
— Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2025 жылға дейін 2,9 трлн.теңгені құрайтын 69 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ағымдағы жылы 89 млрд.теңгені құрайтын 15 жоба іске қосылады, оның ішінде шетел инвесторларының қатысуымен «M-KAT GREEN» күн электр станциясы (100 МВт) жобасы жүзеге аспақ.
Облыста баламалы электр қуатын өндіретін 5 жобаның (қуаты 233 МВт, құны 118 млрд.тг) құрылысы жүргізілуде. Қолданыстағы 9 жобаны (170 мвт) қосқанда жалпы қуаттылық 403 МВт құрайды. Бұл республикада 1 орын.
Инвесторлармен жұмысты жандандыру мақсатында 2020 жылы «Еурохим Тыңайтқыштар» (357 млрд. теңге), «QAZAQ SODA» (123,5 млрд. теңге), «KORCEM» цемент зауыты (50 млрд. теңге), «Казфосфат» (40 млрд. теңге, өндірісін кеңейту), «TALAS INVESTMENT COMPANY» (19 млрд. теңге, өндірісін кеңейту) сыңды ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда, — деді Асқар Исабекұлы.