Баянды бағдарламаның бағыты айқын

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында туған жерді түлету туралы тағылымды ойлар айтылғаны белгілі. Тіпті, «Туған жер» жобасы да қолға алынып, еліміздің аумағында ауқымды істер атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс орталығында да қарқынды жүруде.

– «Туған жер» жобасының ерекшелігі – оны жүзеге асыруға өңірлерді де белсенді тартуында болып тұр. Облыстар, шағын қалалар, аудан, қала берді әрбір елді мекенді көркейтуге ұмтылуда. Бұл ретте кәсіпкердің, мецанаттардың азаматтық белсенділігі бізге көп көмегін тигізіп отырғанын айтқан жөн. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік арқылы көрсетілетін патриотизм – ұлттық-генетикалық кодтың негізі.

Былтыр аталған «Туған жер» жобасы аясында Қазақстан Республикасының спорт шебері, әйелдер арасында бокстан кәсіпқой Әлем чемпионы Фируза Шарипова өз бастамасымен екі мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған Жолдыбаевтар жанұясына автокөлік сыйлады. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаевтың демеушілігімен шаһарда «Ғибрат» орталығы ашылды, – дейді Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев.

Осындай игі бастамалардың жалғасы ретінде «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Арман Еділбаев, «Альтаис групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әлімбек Жұмабаев Тараз қаласының тұрғындары – Тұрғановтар және Әбілбашировтердің отбасына пәтер кілттерін табыс еткен.

Ал, 2017 жылы «Казфосфат» ЖШС-нің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров өз қаражатына «Мыңбұлақ» шағын ауданында әмбебап заманауи спорттық алаңшасын салып берді. Мұндай игі бастамаларға үн қосып жүретін мецанаттар қатарында қалалық мәслихаттың депутаты Руслан Канда бар. Ол «Самал» шағын ауданында 25 және 30 үйлердің ауласына бейнекамераларды орнатып берді.

Comments (0)
Add Comment