«Әміре» фильмі Нью-Йоркте өтетін Woodstock кинофестиваліне қатысады | arainews.kz

«Әміре» фильмі Нью-Йоркте өтетін Woodstock кинофестиваліне қатысады

145

«ҚР DAR Play компаниясы түсірген «Әміре» фильмі Нью-Йоркта өтетін Woodstock кинофестиваліне қатысатын болды. «Әміре» кинотуындысы жақында Грузияда өткен Golden eye кинофестиваліне қатысып, айтарлықтай табысқа жетіп, оператор Максим Осадчий Panasonic компаниясының арнайы сыйлығын иеленді», — деп жазды министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлының пайымынша, қазақстандық картинаның мұндай деңгейдегі кинофестивальге қатысуы — мақтан тұтарлық жетістік.

«Қиын-қыстау заманда қазақ өнерін әлемге паш етіп, 1925 жылғы Бүкіләлемдік музыкалық конкурсқа қатысып, Парижді тамсандырған әншіміз Әміре Қашаубаев туралы түсірілген «Әміре» туындысы қазылар жүрегіне жол тауып, жүлдемен оралады деп үміттенемін. Сәттілік тілейік, достарым!», — деп атап өтеді ол.

Бұған дейін, «Әміре» фильмінің операторы Максим Осадчий Тблисиде өткен Golden Eye халықаралық кино- және телеоператорлар фестивалінде Panasonic компаниясының арнайы жүлдесіне ие болғаны хабарлаған едік.

 inform.kz 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.