Аманаттықтар ҰОС ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, құрмет көрсетті | arainews.kz

Аманаттықтар ҰОС ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, құрмет көрсетті

9 166

«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Партия Жамбыл облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов Жеңіс күні қарсаңында Тараз қаласындағы ҰОС және тыл ардагерлерінің шаңырағында болып, құрмет көрсетті.
Әуелі Дауыл Ынтықбайұлы Ираида Кулашованың шаңырағында болып, тыл ардагеріне азық-түлік себетін табыс етті. Сондай-ақ ардагерді мерекемен құттықтап, ықылас гүлін де табыс етті. Өмірінің саналы ғұмырында өңірдегі тері өңдеу зауытында еңбек еткен қарт ана 1930 жылы дүниеге келген.
Келесі кезекте Партия Жамбыл облыстық филиалының атқарушы хатшысы Базарбай Бурбаев шаңырағында болып, майдангерді мерекемен құттықтады. Ардагерге ыстық ықыласын танытып, деніне саулық тіледі. Өз кезегінде қан майданда от кешкен қарт сарбаз батасын беріп, елімізге амандық, жұртымызға амандық сұрады.
Бүгінгі күні 98 жасқа келген Базарбай Бурбаев 1924 жылы 10 желтоқсанда Жамбыл қаласында дүниеге келген. Каганович атындағы мектепте оқыған. 1942 жылы әскерге шақырылған.393- атқыштар полкінде минометші болған.Манжурия, Мугден, Харбин, тағы басқа қалаларды азат етуге қатысқан. «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ерлігі мен қайсарлығы» үшін», «Жапоноияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Манжуриядан 1947 жылы елге оралған. 1949 жылдан 1988 жылға дейін Жамбыл локосотив депосында машинист болып қызмет атқарған.«Еңбек ардагері» медальмен марапатталған.
Сондай-ақ партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Партия Жамбыл облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Ермұхамед Жұмабек те шаһардағы ҰОС және тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, Жеңіс күнімен құттықтады. Ардагерлерге ыстық ықыласын танытып, жылы лебізін білдірді.
Отанын оттан қорғап, жеңіс деп жанын шүберекке түйген азаматтардың ерліктері еш ұмытылмақ емес. Қан майданның қаһарынан ықпай, намысты ту еткен батырларымыз қатары күн санап азаюда. Бүгінгі күні өңірде не бары 26 ардагер ғана қалған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.