Altynsarin Institute-ның ашық алаңында Президент сұхбаты талқыланды | arainews.kz

Altynsarin Institute-ның ашық алаңында Президент сұхбаты талқыланды

83

Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев республикалық «Егемен Қазақстан» басылымына кең көлемді сұқбат берді. «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген тақырыпта өрбіген сұқбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалған.

Институттағы «Педагогика және филология», «Жаратылыстану және ақпараттандыру» және «Тарих және өнер» факультеттерінің профессор-оқытушылар құрамының арасында аталмыш сұқбат кеңінен талқыланып, ашық ойлар алаңы сүбелі пікір, сыни көзқарастармен өрбіді.

Сондай-ақ, Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»  атты Қазақстан халқына жолдауы турасында да сөз қозғалып, оқу орнындағы педагогикалық білім беру мәселелері сабақтастырыла көтерілді.

Ашық алаңда «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің деканы Әлібек Ескермесұлы: «Болашақ мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуде, олардың кәсіби шеберліктерін әртүрлі салаларда қолдануға және кәсіби қызметінде тамаша нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік алу үшін қоғамда өз үніңнің болуы аса қажет. Біз ұрпақ ісіне тікелей ықпал ететін қауымболғандықтан, мемлекеттік мәселе ісіне бейжай қарау – қастандықтың белгісі», деді.

Ал, Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі және педагог-психолог білім беру бағдарламасының жетекшісі Р.Е.Жандилдина: «Жаһандық экономика және халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде. Технологиялық бәсеке қызып тұр. Біз бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеуде тартынып қалмауымыз қажет. Ұрпақ ісі – келешек ұлт ісі  екендігі даусыз. Сұхбатта көтерілген түйткілдерді түсініп қана қоймай, мемлекет басшысы тарапынан жолданған үндеуді де ұғынып, бірлесе жүзеге асыруға мүдделу болайық»,– деп ой алаңын жалғай түсті.

Айта кетейік, Altynsarin institute-да мемлекет басшысының сұхбатын талқылып, насихаттау жұмыстары әр факультетте жүргізілді.

Altynsarin institute

Маркетинг және коммуникация бөлімі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.