Алматыда ұрылар түсіп қалған видеолар жұртшылық назарына ұсынылды | arainews.kz

Алматыда ұрылар түсіп қалған видеолар жұртшылық назарына ұсынылды

173

Алматы полициясы қылмыскерлердің видео, фотожурналын жариялады. Бірінші топтамада ұрлық жасауды кәсіп қылғандардың камерадан алынған бейнелері көрсетілген.

Қалалық ІІД Криминальдық полиция басқармасы ұсынған 43 файлдан бірнеше қылмысқа қатысты деп күдіктеліп отырған адамдардың бет-жүзі, сұлбасын көруге болады.

«Бүгінде БАҚ пен әлеуметтік желіні белсенді түрде қолдана отырып, осы адамдарды тауып, кім екенін анықтауымыз керек. Жобаны жүзеге асырмас бұрын қоғамның интернеттегі белсенділігіне талдау жүргізілді. Көптеген қылмыстар жұртшылықтың араласуымен ашылды. Азаматтардың белсенділігі бізді қуантады. Осы жолы да қала тұрғындары белсенділік танытып, қылмыскерлерді ұстауда өз көмегін тигізеді деген үміттеміз», — деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Ғаламторға жүктелген видеолар топтамасын мына сілтеме арқылы көруге болады.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.