Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемеде «Жарақаттар. Алғашқы медициналық көмек» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шара мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиевтің бастамасымен ұйымдастырылды. Дәрісті Тараз қалалық №5 емхананың мамандары жүргізді.
Семинарда қызметкерлерге жарақат алған кезде дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің негізгі дағдыларын үйрету, сондай-ақ симулятор-манекендерді пайдалана отырып, шұғыл жағдайларда көмек көрсету тәсілдері көрсетілді.
Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осы тәжірибені жалғастыру қажеттілігі туралы ұсыныс жасады.