«Ақылды» технологияның пайдасын көруде | arainews.kz

«Ақылды» технологияның пайдасын көруде

489

Өткен жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Тұңғыш-Президент–Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығындағы табыстылықты арттыру үшін «ақылды технологияларды» пайдалану қажеттігіне басымдық берген болатын. Өз кезегінде Жамбыл агросекторды цифрландыру үрдісі жүйелі жолға қойылғанын атап өткен жөн.

Мәселен Меркі ауданы аумағында қант қызылшасын егумен айнылысатын  «СмартАгро Қарқара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қызметін ұйымдастыруда цифрландыру тәжірибесін кеңінен қолданылуда. Шаруашылықта егіс алқаптары қашықтықтан бақыланады. Сол арқылы агроқұрылым тұқым себуде дәлдік технологияны қолданады. Нәтижесінде шаруалар тұқымның біркелкі себілуі мен жоғары өнімділікке қол жеткізді. Озық технология егіс алқабындағы арам шөптердің таралу алқабы жайындағы нақты мәліметтерді ұсыну қабілетіне ие. Осы мәліметтер арқылы бағдарлама алқапқа себілетін химиялық препараттардың мөлшерін де өзі анықтайды. Бұл технологияны тиімділігі тыңайтқыш пен препаратты нақты мақсатты орынға себу есебінен үнемдеуінде болып отыр. Сондай-ақ, серіктестік Deutz Fahr L720 маркалы тракторын кәдеге жаратады. Навигаторлық жүйе арқылы жұмыс жасайтын бұл трактор алқапты өңдеуде нақты есептеулер жүргізеді. Соның есебінен шаруалардың жанар-жағар май мен тыңайтқыштар жұмсалатын шығындары екі есеге дейін кемиді. Серіктестікте дрондардың көмегімен егіс алқабының құнарлылық картасы жасалады. Бұл әдіс шаруаларға күзгі және көктемгі дала жұмыстары кезінде көп қолғабыс жасайды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.