Жансерік Бейсенбеков №58 мекемесінде сотталғандар арасындағы және әлеуметтік-психологиялық тәрбие жөніңдегі бөлімінің жасақ бастығы болып қызмет атқарады.
Адам баласы дүниеге келгенде бәрі бірдей сияқты. Өсе келе әрқилы болып кетеді, әр түрлі мінез-құлық бітеді. Ал ерен ақылды, шешен, ойшыл, нағыз ақын, жазушы, ұлағатты ұстаз, азамат, қайраткер болу барлық жанға бірдей бұйырмаған.
Қылмыскерді түзетемін, олармен жұмыс жүргіземін дейтіндер де аз емес. Ер адамдар көбіне әскери қызметкер боламын деп армандайды. Сондай азаматтардың бірі – Бейсенбеков Жансерік Әділбекұлы. Қазіргі кезде №58 мекемесінде сотталғандар арасындағы және әлеуметтік-психологиялық тәрбие жөніңдегі бөлімінің жасақ бастығы болып қызмет атқарады. Жалпы мекемедегі жазасын өтеп жатқан сотталғандарды бақылау, тәрбиелеу, түзету жұмысы барысында, алдыңғы қатарда жүріп, ең ауыр міндеттерді атқару, қоғамға түзелген азаматтарды жіберу маңызды деп санайды. Яғни, аталмыш мекемедегі тәрбие жұмыстары бөлімінің мойнына алған жүктері ауыр-ақ. Бірақ, Жансерік Әділбекұлы бұл орайда тәжирибелі маман екенін таныта білді. Жалпы жұмысының нәтижесін сотталған азаматтардыңтүзелу жолына түсуін қадағалап қана қоймай, бағыт көрсету, білікті маман ретінде дәріс беру тәсілдерінен көруге болады.
Негізі жұмыстың оңайы жоқ қой. Дегенмен де атап, айтар болсақ, сотталғандармен жұмыс істеу, тәрбие жұмысын жүргізу оңай емес іс екеніне ешкім де күмән келтіре қоймас деп ойлаймын. Тәрбие жұмысымен айналысатын адамдарға тек қатаң тәртіпті талап ету ғана емес, сондай-ақ жан-жақты білімдарлық, адам жанына үңіле білетін болуы артық болмаса керек. Жалпы тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы болудың өзі оңай емес екені бәрімізге мәлім.
Ол қылмыстық атқару жүйесіне кездейсоқ келген бірлі-жарым адамдар болмаса, бұл саладағы қызметкерлердің кез-келгені өз жауапкершілігін сезінеді. Себебі жауапкершілік болмаса, бұл салада қызмет ету оңай емес. Темір тордың ар жағына түсіп жатқандармен жұмыс жүргізу шыдамдылық пен табандылықты қажет етеді. Осындай қасиеттерді әділет майоры Бейсенбеков Жансерік Әділбекұлының бойынан да табуға болады. Ол бос белбеуді сынай алатын, мінезге бай, кейінігі ұрпаққа үлгі бола білетін азамат. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші Жансерік әрдайым басқаларға қол үшін беруге дайын тұратытын, жұмыста жеке уақытымен санаспайтын жан. Әріптесімізге еңбегіңіз жана берсін деген ақ тілегімізді білдіргіміз келеді.
Елдос Набатов,
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесінің № 58 мекемесінің
САӘПТЖБ бастығы, әділет майоры