Данияр Елеусіновтің кезекті айқасы тікелей эфирде көрсетіледі | arainews.kz

Данияр Елеусіновтің кезекті айқасы тікелей эфирде көрсетіледі

2 507

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) бесінші жекпе-жегін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы аталған телеарнаның ресми сайты мәлім етті.

Аталған хабарламада «Монакодан тікелей көрсетілімді «Хабар» арнасы көрсетеді. 24 қараша күні сағат 01:00-де шаршы алаңдағы тартысты кездесуді өткізіп алмаңыздар!», — деп жазылған.

Қазақстандық боксшының қарсыласы — никарагуалық Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО).

Жекпе-жек сегіз раундтан тұрады. Елеусіновтың бұған дейінгі төрт жекпе-жегі де алты раундтан болған.

Елеусінов — Мохика жекпе-жегі қарашаның 24-нен 25-не қараған түні «Казино де Монте-Карлодағы» бокс кешінде болады. Бұл кештің басты жекпе-жегінде алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) америкалық Майк Уилсонмен (19-0, 8 КО) жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов 20 қазанда Бостондағы (АҚШ) TD Garden аренада американдық боксшы Мэтт Доэртимен (8-6-1, 4 КО) кездесіп, қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.