Құқық қорғаушылардың барлығы аттестаттаудан өтеді | arainews.kz

Құқық қорғаушылардың барлығы аттестаттаудан өтеді

193

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғаушыларды аттестаттаудан өткізуді тапсырды.

«Бізге полицияның жұмысын қатысты жаңа талаптарды енгізу керек. Қызмет бабымен көтерілу жүйесін де өзгерткен жөн. Ал мамандарды іріктеуді полиция академиялары арқылы жүргізу қажет. Құқық қорғаушылардың барлығы қайта аттестаттаудан өтуі тиіс. Осы жұмыста үздіктер ғана қалуы қажет. Ал аттестаттаудан өтпегендер кетуі керек. Аттестаттаудан кейін адам жетіспей жатса, басқаларды алуға болады», — деді Н. Назарбаев Жолдауды жариялау рәсімінде.

Осы орайда Мемлекет басшысы халықтың полицияға қатысты пікірін өзгерту қажеттігін жеткізді. Құқық қорғаушы жазалаушы емес, қиын жағдайда көмек беретін адам ретінде өз абыройын көтеруі шарт. Президент құқық қорғау саласын реформалаудың нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, алдағы уақытта полицейлердің жалақысы көтеріледі.  Бұдан бөлек, құқыққорғаушыларды даярлау 5 жылдан 6 айға қысқаруы мүмкін.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.