Елбасы 3 айдың ішінде ТКШ-дағы олқылықтарды жоюды тапсырды | arainews.kz

Елбасы 3 айдың ішінде ТКШ-дағы олқылықтарды жоюды тапсырды

145

Еліміздің антимонополиялық ведомствосының қызметін реформалау қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Мемлекет басшысы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді ретке келтіру мәселесіне тоқталып, тұрғындардан  жиналған қаражаттың қайда жұмсалатындығы ашық еместігін баса айтты.

«Жүргізілген сауалнама дәл осы мәселелердің халықты алаңдататындығын көрсетіп отыр. Адамдар ақша төлейді, ТКШ жинап алады. Одан кейін оның қайда жұмсалатындығын ешкім де білмейді. Ал тарифтер де, баға да өсіп жатыр. Неліктен? Объективті себептері жоқ. Біз бақыламаймыз, қарамаймыз»,- деп атап өтті Елбасы.

Қазақстан Президентінің атап өтуінше, бұл барлық деңгейдегі жергілікті әкімдердің, органдардың бақылауында болуы тиіс мәселе. Сонымен қатар монополистердің инвестициялық міндеттемелерін мониторингтік бақылаудың  да жоқ екенін баса айтты.

«Сондықтан Үкіметке үш айлық мерзімде, яғни жаңа жылға дейін бұл мәселенің мән-жайын анықтап, антимонополиялық ведомствоның жұмысын реформалап, бәсекелестікті қорғау жөніндегі қызметін күшейт қажет»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.